Су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңға жуық әскери қызметші, еріктілер мен құтқарушылар ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 8,9 мың жолаушы су басу аймақтарынан жолаушылар вагондарымен шығарылды.
Сонымен қатар, 540 бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерлеріне жеткізілді. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, Ұлттық ұланның 2,6 мыңнан астам жеке құрамы тасымалданды. Төтенше жағдайды жою үшін мың ауыр техника, 1500 тонна кесек тас, 5600 тонна қиыршық тас жеткізілді. Бұдан бөлек, 45 шаюға қарсы және 47 өрт сөндіру пойыздары құрылды.
ҚТЖ арнайы пойыздарымен 9,9 мың текше метрден астам еріген су сорылды. Табиғи апатпен күресу үшін 23 мыңнан астам теміржолшы, 930 волонтер-теміржолшы жұмылдырылды. 2,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін 2 млрд.теңге бөлді.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ табиғи апат кезінде 100 мыңға жуық адамның қауіпсіз жерге көшірілген.