Баласының сүйегін жер қойнына тапсырғанына көп болмаған отбасы, қара жамылғаны аздай, бүгін үйсіз қалды. Баспаналары тып-типыл жанып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалға сүйенсек, Шерзаттың әкесі қан жылап тұр.
«Жігіттер бұларың адамшылыққа жатпады. Дұрыс емес. Баламды алғандарың аздай, үйімді өртеп жібергендерің не?»,-деп ашуға булыққан.
Қазіргі таңда, өрттің шығу себептері анықталуда.
Енді жасөспірімнің отбасы күзетпен қамтамасыз етілетін болды.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, отбасын қорғау үшін олардың тұрғылықты жерінде тәулік бойы жұмыс істейтін полицейлер кезекшілігі ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні 16 жастағы Шерзат бір топ азаматтың қолынан қаза тапқан болатын. Күдікті ретінде 7 адам қамауға алынған.