«Кассир мен күзетшіні қамап қойған». Жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

239

Алматы қаласында түнгі сағат 12-лер шамасында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш пен балта ұстап, жанар-жағармай құю бекетіне баса-көктеп кірген. Содан кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің ұялы телефондары мен кассадағы 100 мың теңгені ұрлап кеткен.

«Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Олар 1999 және 2000 жылы дүниеге келген жас жігіттер. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді», – деді Медеу аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.

Күдіктілер Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген екен. Оңай ақша табу үшін осындай жолға түскен. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
AYALA қоры Қазақстанның барлық перинаталдық орталықтарының үштен бірін гипотермия аппараттарымен жабдықтады
Келесі пост
Шымкент аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашатын алғашқы қала болмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu