5 мыңнан аса үй су астында қалды

186

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің 5 өңірінде 5411 жер үй су астында қалған.

«Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды», – деді ТЖМ офицері.

Сонымен қатар, су тасқыны орын алған аумақ тұрғындарына уақытша паналау орталықтарынан рұқсатсыз кетуге болмайтынын ескертті.

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай режимі әрекет етеді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пунктерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады», – деді.

Алдыңғы пост
Сотты болған азаматтар эвакуацияланды
Келесі пост
Су тасқыны: Әке мен баланың мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu