Су тасқыны: Әке мен баланың мәйіті табылды

71

Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері екі мәйітті тапты. Олар 6 сәуір күні із-түссіз кеткен әке мен бала.

Ресми мәлімет бойынша, 14 сәуір күні таңғы уақытта Құлсарылық тұрғынның денесі табылған. Мұнан соң, 24 жастағы жігіттің мәйіті анықталған. Оның денесін Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметі үйінен 1 шақырым жерде 1,5 метр тереңдіктегі судан алып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін азаматтардың суға кету деректері тіркелген болатын. Сондықтан, барынша сақтық шараларын сақтап, құтқарушылардың көмегіне жүгінген дұрыс. Сондай-ақ уақытша орналастыру орнынан алысқа ұзамаңыздар. Бүгінге дейін, 112 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде 39 222 бала. Ал, әуе кемелерімен 3 575  адам, оның ішінде 1 157  бала құтқарылды. Бұдан бөлек, 11 950 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды.

 

Алдыңғы пост
5 мыңнан аса үй су астында қалды
Келесі пост
Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңге беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu