Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды.
Фото: видеодан алынды
Полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында аудандардың бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталды. Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен деп хабарлады polisiakz.
Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.