241
Жыл сайын елімізде ең көп студенттер Алматы, Шымкент және Астанадағы жоғары оқу орындарына түседі. Олардың оқу ақысы 500 мың теңгеден бастап, 4,5 млн теңгені құрайды.
Мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 500 мыңнан бастап, 1,5 млнға дейін. Ал, Еуразия университінде 1 млн теңгенің төңірегінде оқуға мүмкіндік бар.
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы оқу орнында 625 мың теңге. Өзге ЖОО 500 теңгенің төңірегінде. Сонымен қатар, КИМЭП университетінде де оқу үшін 3-4,5 млн теңге жұмсайсыз.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындарында 593 мың студент білім алды. Елімізде 112 жоғары оқу орны бар.