129
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады.
Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.
Аталмыш акция 2024 жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев елде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеген болатын.