181
Жүргізушілердің бірі патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне келіп автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтқан. Бұл жағдай 28 шілдеде түнгі сағат 00:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырымында болған.
Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті. Перзентханаға жеткізілген келіншек аман-есен ұл босанды. Жас ананың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді деп хабарлады Polisiakz.
Айта кетейік, Атырау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері толғағы қысқан 4 жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектескен.