Өзінің бұрынғы жұмыс орнынан 6 млн теңге үптеп кеткен жас жігіт сотталды

18

Түркістан облысы Жетісай ауданында өзінің бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен жас жігіт сотталды. Сот үкімімен 23 жастағы тұрғын Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Еске салсақ, қылмыс жайты ағымдағы жылдың тамыз айында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт суындар тұратын қоймадағы кассадан  6 миллион теңге ұрлап кеткен. Қойма иесі дереу полицияға арызданған.

Қылмыс оқиғасы ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Бұған дейін сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істеген. Ұрлық күні қойма ішіне кірген жас жігіт ондағы жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, 5 сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне тарқаған сәтте ешкімнің қалмағанына көз жеткізген ол арам ойын іске асырған. Яғни, қойманың терезесінен кассаға өтіп, 6 миллион теңгені сөмкесіне салып алған. Содан оқиға орнынан бой тасалаған.

Алдыңғы пост
Шымкентте орта жастағы әйел есірткіні жалдамалы пәтерде сақтаған
Келесі пост
Тапа-тал түсте көлік ұрлап кеткен ер кісі полицейлерге ұсталып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu