168
АҚШ-тың Джорджия қаласында мектеп оқушысы атыс ұйымдастырып, төрт адам қаза тапты. Оның екеуі ұстаз. Қалған екеуі жасөспірім балалар.
Фото:видеодан алынды
Сондай-ақ, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Куәгерлердің бірі 17 жастағы Серхио Кальдера оқ атылған да, химия пәнінде отырған. Мұғалім есікті ашқан еді. Алайда, өзге ұстаз дереу есікті жабуды талап етті дейді.
Қазіргі таңда, күдікті ретінде 14 жастағы жасөспірім қолға түсті. Білім ұясы қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасөспірім атыс кезінде AR-15 типті жартылай автоматты мылтықты қолданған. Оқушының бұл қаруды қайдан алғаны және оны мектепке қалай алып кіргені алдағы уақытта белгілі болмақ.