Адам болудан бас тартқан квадроберлерге қалай қарайсыз?

112

Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты, Дәулет Мұқаевтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке квадроберлерге қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол, күн сайын ит, мысық секілді киініп, үріп, төрт аяқтап жүріп адамдардың мазасын алуға көшкен жастарға алаңдаулы. Айтуынша, адам кейпіндегі жануарлар, балалардың психологиясына әсер етеді деп отыр.

«Бұл бір қарағанда, балалық қылып деп қарағанымен, балалардың психологиясына кері әсер етуде. Шектен шығып барады. Олардан, адамдарға шабуылдау, тістеу тырнау секілді фактілері де кездесуде. Дәл бұл оқиғалар, көрші Ресей, Өзбекстан елдерінде орын алған. Әлеуметтік желіде, квадробер болуды үйрететін арнайы топтар, жабық арналар пайда болды. Жеке сабақтарда ұйымдастырылуда. Ал, батыс елдерінде балалар сабақ барысында сөйлемеуді шығарған. Жануарша дыбыстар шығара бастаған»,- дейді депутат.

Сондай-ақ, халық қалаулысы, балаларды жіті бақылап, кері кету процесіне мұқият болу керек деп санайды. Сондықтан, жауапты органдар алдын-алу мақсатында, тиісті шараларды қолданғаны дұрыс дейді.

Алдыңғы пост
Құлағы естімейтін жандарды пайдаланған басшы анықталды
Келесі пост
Павлодарда әйелдің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu