249
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қаржының 71 пайызы 70 мыңнан астам комиссия мүшесінің еңбекақысына кетеді, қалған 29 пайызы ақпарат таратуға, бюллетень жасауға, типография өнімдеріне, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға керек нәрсеге жұмсалмақ екен.
АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кейбір учаскелерде дауыс беру уақыты өзгертілуі мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері 7 күн ішінде жарияланады. Барлығы 10 мың 327 сайлау учаскесі ашылады, оның 72-сі Қазақстаннан тыс жерде.
Айта кетейік, 2024 жылы 1 шілдедегі мәліметін бойынша 12 миллион 176 мың 968 азамат дауыс бере алады.