251
Елордада Қазақстан футбол федерациясы Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Мұнда «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды. Олар, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан. Осыған байланысты, «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді. Бұдан бөлек, «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды.
Естеріңізде болса, бұған дейін «Қайрат» футзал клубының қақпашысы, ұлттық құраманың капитаны Лео Игита автобусқа кіріп бара жатқанда бір топ жанкүйердің жерге жайылған «Ақтөбе» мен «Астана» клубтарының аты жазылған жалау мен мойыншалманы таптап кеткен болатын.