Шымкент қаласы тұрғын үй басқарма басшысының орынбасары 9 жылға темір торға тоғытылды. Ал сыбайласы 8 жылға түрмеге жабылды.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен М. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары бола тұра, 2023 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығы бойынша техникалық зерттеу жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу шарттарын орындамағаны анықталды. Яғни, орындалмаған жұмыстарды және көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты орындалмаған жұмыстарды қабылдап, бюджеттің жалпы 367 млн. теңгеден астам ақшаны сотталушы – жеке кәсіпкер О.-ның көмегімен жымқырған.
Кәсіпкер басқа тұлғалардың атына тіркелген және тендерлер бойынша женімпаз болған ЖШС-тер арқылы ақша қаражаттарын алған.
Ал, басшы орынбасары өзінің ата-анасының атына тіркелген монша кешенін салуды ұйымдастырып, осы арқылы қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырған.
Сотталушылардың кінәсі куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерімен, стенограммамен, сарапшылардың және мамандардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.