263
Апатты жағдай Қаскелең көпірінде түнгі сағат 22:00 шамасында орын алған. №78 бағыттағы автобустың жүргізушісі, рөлге ие бола алмай, көпірден құлаған. Сол мезетте, астынан ішінде 15 адамы бар шағын автобус өтіп бара жатқан. Олар, Қырғызстаннан тойдан қайтқандар.
Салдарынан, жеті адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ал, қоғамдық көліктің жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта оқиғаның ақ-қарасы белгілі болмақ.