140
Анкарада терракт орын алды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Екі лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып хабарлады.
“Ұлтымыз, бұл шабуылды ұйымдастырғандардың міндетті түрде жауапқа тартылатынын білуі керек. Ешбір ұйым немесе террористік топ, біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіре алмайды. Және ешқандай зұлымдар өз мақсатына жете алмайды”, – деді Ердоған.
Қылмыскерлер TUSAŞ ғимаратына жай таксимен келген. Қару кезенген олар ғимаратқа басып кірмек болған, сол кезде жарылыс жасаған.
Әділет министрі Мехмет Фатих Качир, Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.