Қаржы пирамидаларына тоқтам болмай отыр: Салымшылардың саны артуда

55

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде

Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған.

Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар ішкі SWP және SWCT токендері арқылы есепшоттарын толықтырып, фиаттық ақшаға айырбастай алған.

Күдіктілер түскен қаржыны жеке мақсаттарына пайдаланған.

Келтірілген жалпы шығын 52 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары танысу үшін берілді

Алдыңғы пост
Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды
Келесі пост
1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбыры салынуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu