Түркістан облысында қоғамдық көлік тізгіндеген жүргізушілер 900-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзған. Оның ішінде: жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу – 132 жайт, техникалық байқаудан өтпеу-130, автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау-27, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық байқаудан өтпеу-28, көлікті басқару кезінде телефонды пайдалану-243, маневр жасау қағидаларын бұзу-156, белгіленген жылдамдықтан асып кету – 22, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу – 44 дерек.
Бұл заңбұзушылықтардың барлығы “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
Облыс полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға сапар барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.