Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

200

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар мәдени өзара байланыстың негізгі мәселелерін және елдер арасындағы алдағы ынтымақтастықты талқылады.

Аида Балаева екі ел арасындағы мәдени өзара байланыстың маңызын атап өтті.

«Біз Беларусь Республикасымен мәдени-гуманитарлық, жастар және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Екі ел арасында шығармашылық алмасулар жүріп, солистер спектакльдерге, түрлі жобалар мен концерттерге тұрақты түрде қатысып тұрады. Біздің бірлескен жобаларымыз достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», – деді министр.

Өз кезегінде Павел Утюпин жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, мәдени алмасудың маңызын тілге тиек етті.

«Беларусь тарапы іс-шараға қазақстандық әртістер қатысатын болса, қуанышпен қабылдауға әзір. Шілде айында «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның дарынды әртістерін күтеміз. Мұндай бастамалар біздің халықтарды жақындастыруға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі», – деп атап өтті елші.

Қатысушылар аталмыш жобаларды ғана емес, ынтымақтастықты арттыру перспективаларын да талқылады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай фильм түсіруді қарастыру ұсынылды, бұл екі елге ортақ тарих пен мәдени мұраның маңызын көрсетеді.

Тараптар сондай-ақ екіжақты күн тәртібіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді, ынтымақтастықты нығайтуды атап өтіп, өзара байланыстың әлеуетін арттыру үшін, жұмыс тобын құруға дайын екендіктерін білдірді деп хабарлады  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
Украинада Айдос Садықовқа оқ атқандардың бірі ұсталды
Келесі пост
Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu