Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады

302

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында балабақшада жаппай улану фактісі тіркелді
Келесі пост
Қоғам мен билік арасындағы диалог – жақсы өмір сүру сапасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu