401
Республиканың басым бөлігіндегі ауа – райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстігінде қар, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде.
20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.
Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі болжанады.