Қазақстанда экотуризм қағидаттары алғаш рет ресми түрде бекітілді

23

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде экотуризм қағидаттары алғаш рет ресми түрде айқындалғанын мәлімдеді. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр деп хабарлады баспасөз қызметі.

Министрлік экотуризмнің ұлттық стандартын жаңарту жұмыстарын жүргізді. Бұған дейінгі стандарт 2017 жылы бекітілген болатын.

Жаңартылған стандарттың негізгі өзгерістері:

Халықаралық тәжірибеге негізделген экотуризм қағидаттары ресми түрде бекітілді;

Туристік ұйымдар мен қызметтерге қойылатын нақты талаптар белгіленді;

Экологиялық тазалық, табиғи және мәдени мұраны сақтау сияқты сапа критерийлері енгізілді;

Стандарт Тұрақты туризм жөніндегі жаһандық кеңестің (GSTC) ұсыныстарына сай әзірленді.

Құжат табиғатты қорғау мен туризм инфрақұрылымын дамыту арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, сала қатысушылары үшін ортақ ережелер мен бағыт-бағдарлар ұсынады.

Экотуризмді дамыту – туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Стандарт экологиялық мәдениетті қалыптастыру, биоалуандықты сақтау және жауапты туризмді дамыту мақсатында қабылданды.

Алдыңғы пост
Елордада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu