257
Еліміздің студенттеріне екінші жартыжылдықтан бастап, жаңа шәкіртақы тағайындалмақ. Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі.
Нақтырақ айтар болсақ:
-Бакалавр 20% (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін көтеріледі.
-Магистранттар мен докторанттарға 15% 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін өседі.