Қазақстандықтар Ербаянға 227 миллион теңге жинады

147

Әскерге сау барып, мүгедек болып оралған Ербаянға көмек ретінде 227 млн теңге жиналды. Бұл туралы, өзіне ашылған парақшада жарияланды.

“Баршаңызға рахмет! “26 тамызға Ербаян ЭКГ, өкпе рентгенографиясына жазылды. Ербаян ұзақ уақыт төсекте жатқандықтан оның арқасына салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан іркілістік пневмония бар-жоғын тексеру керек. Қазіргі таңда ең бастысы, Ербаянның ұзақ уақыт ұшуға дайын болуы керек. Ертең Германия елшілігіне барып, олар қалай көмектесе алатынын сұраймыз, себебі Ербаянды Германияда емдеу қажет деп шештік”, – делінген жазбада.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы жазған болатынбыз. Ол, әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған. Жағымсыз жағдай осыдан алты ай бұрын орын алған. Ұлттық гвардияға кеткен сарбаз, дәретханада есінен танып құлаған. Қазіргі таңда, оның жағдайы тым ауыр. Өйткені, апталдай азамат сөйлей алмайды. Тамақ іше алмайды. Тіпті, өз еркімен демалуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені оның миына бірнеше рет ота жасалған.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында”, – делінген ведомство хабарламасында.

Алдыңғы пост
Гүлмира Сатыбалдының сот ісі денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды
Келесі пост
Елімізде жыл сайын 200 мыңға жуық бала жарақат алады 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu