31
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының №2 соты «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім шығарды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот С. Станбековке мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Аталған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.