Бұрын сотты болған азамат аса ірі көлемде есірткімен ұсталды

191

Аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізуде.

Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.

Фото:видеодан алынды

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды.

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

Алдыңғы пост
Кәрім Мәсімов кімнен кешірім сұрады? 
Келесі пост
Жәнібек Әлімханұлы Канеломен түсетін жекпе-жекке шыңдалып жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu