Шымкент әкімі журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

176

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистермен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қала басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғаммен кері байланыс орнатудағы рөліне тоқталып, журналистердің қаланың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

“Журналистер билік пен халықты байланыстырады, біздің назарымыздан тыс қалатын өзекті мәселелерді көтереді, олардың оң шешіміне өз үлестерін қосады. Инвесторлар кез-келген қалаға инвестиция салуды шешкен кезде, олар БАҚ-та қала туралы не жазатынына қарайды. Журналистер қаланың оң имиджін қалыптастыруда  инвесторлардың сенімі артады. Биыл Шымкент экономикасына 721 миллиард теңге инвестиция салынуда. Сондықтан БАҚ өкілдері біздің қаламыздағы инвестициялық ахуалды жақсартуға өз үлестерін қосуда”, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, атаулы мерекеде өңіріміздегі бірқатар журналистер Шымкент қаласы әкімінің арнайы номинацияларымен марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік мерзімді басылым» номинациясы – «Өзге пікір» ақпараттық-сараптамалық, құқықтық апталық газетіне берілді. Газеттің бас редакторы Молдабек Шадияр Мекенбайұлы. Ал, «Үздік мерзімді басылым тілшісі» номинациясы – «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Құлжанов Айдар Сайлауұлына тапсырылды. «Үздік телебағдарлама» номинациясымен «Айғақ» телеарнасының «Саяхат сұқбат» телебағдарламасы марапатталды. Жоба жетекшісі Наушабаева Ұлжан Қасымжанқызы. Сондай-ақ, «Үздік теле жүргізуші» номинациясына «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Сарман Лаура лайық деп танылды. «Үздік ақпараттық портал» номинациясы – «Ара 24» ақпараттық порталына беріледі. Шеф-редакторы Әмірбек Батырхан Ерсұлтанұлы. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы» номинациясы – «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Попкова Екатерина Владимировнаға тапсырылды. «Үздік ақпарат таратушы» номинациясы – «Элитар» ақпараттық порталынан Турсуметова Саидаға беріледі. «Жаңалықтар жаршысы» номинациясына – «Отырар» телеарнасының тілшісі Усупалиева Көркем лайық деп танылды. Ал, «Қайырымды тілші» номинациясы – «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі Қалмахан Ғани Беркінұлына берілсе, «Обьектив» номинациясымен «Хан тв» телеарнасының операторы Семенов Антон марапатталды. Мұнан бөлек «Қазақстанның құрметті журналисті» атағы – Ералы Сенбек Құттыбайұлына берілді.

ELITAR.KZ ақпараттық порталының ұжымы әріптестерді лайықты марапаттарыңызбен және келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Алдыңғы пост
Құрбандыққа шалынған мал етін алу үшін онлайн өтініш беруге болады
Келесі пост
Шымкент әкімі әуежайдың жаңа терминалының құрылысын тағы да тексерді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu