104
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпірде, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тәулік бойы бақылау үшін нысан бойында 102 камера орнатылмақ. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған.
Сонымен қатар, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы жұмыс істейді деп хабарлады ҚР көлік министрлігі.
Көпір стратегиялық маңызы бар нысандардың қатарына жатады. Сол себепті көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейді. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылды.
Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол салынды.