Балалардың өміріне немқұрайлылық танытқан меңгеруші жауапкершілікке тартылды

137

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы «Дәншік» балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуын анықтады деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік  шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсетті.

“Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақтамауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін”,-делінген мәлімдемеде.

Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды.

Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы пост
Қасым, Жомарт, Кемел атты үшем дүниеге келді.
Келесі пост
400 мың бірлік электронды вейптердің көзі жойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu