86
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен алып тастады. Енді, әскери ведомствоны сыртқы істер министрі Исраэль Кацке басқарады.
Нетаньяху, қорғаныс министрі сеніміне селкеу түсіргенін мәлімдеді. Айтуынша, Галант министрлер кабинетінің шешіміне қайшы келетін мәлімдемелер жасап, шешім қабылдаған.
Ал, Галант болса, Израиль мемлекетінің қауіпсіздігі өмірімнің миссиясы болды және солай болып қала береді деп отыр.
Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, Нетаньяху мен Галант арасында келіспеушілік болған. Олар, Израиль армиясының палестиналық ХАМАС тобына қарсы Газа секторындағы операциясының алдағы жоспарына байланысты бірнеше ай бойы дауласумен болған.