Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

72

Елімізге іс-сапармен келген Джейхун Байрамов,  Әзепбайжан Президенті, Ильхам Әлиев пен халқының атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, стратегиялық жобаларды жүзеге асыру жолын талқыға салды.

«Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джейхун Байрамов әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.

Алдыңғы пост
#65028
Келесі пост
Дональд Трамп АҚШ пен Ресейдің жаңа кездесуін жариялады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu