201
Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов апелляциялық шағым түсірген болатын.
“Олар апелляциялық шағымдарында Б. Байжановты оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ. Бишімбаевқа қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекеттерін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұрады”, – делінген соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын.