294
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны орын алып, 10 адам қаза тапқан. Елдің оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен адам шығынына себеп болды деп хабарлайды Anadoly басылымы.
Сонымен қатар, 21 адамды табу үшін іздеу-құтқару жұмысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 1400 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Бразилия президенті Луис Инасио Лулу да Силваның тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберілді.
Штат губернаторы Эдуардо Лейте әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде аймақта нөсер жаңбырдың әлі де жалғасатынын атап өтіп, азаматтарды сақ болуға шақырды.