Шымкентте Полиция департаментінің басшысы ауысты

Теги: , ,
168

Қала активіне полиция департаментінің бастығы таныстырылды.

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығы қала активіне таныстырылды. Осы мақсатта қаламызға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов арнайы келді. Полиция департаментінің басшылығына Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Ол осыған дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болған.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастаған. Ал, осыған дейін Шымкентте Полиция департаментін басқарған Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков Алматы және Жетісу облыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығына ұсынылып отыр.

Қала әкімі Думан Әшкенұлын жаңа қызметімен құттықтап, қаланы қауіпсіз етуде бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді. Ішкі істер министрі мегаполисте қылмыстық ақуал тұрақты екеніне тоқталды. Тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлерінің бірлескен шараларының нәтижесінде жалпы қылмыстар саны биыл 33 пайызға азайған. Ұрлық, тонау, кісі өлімі, адам денсаулығына ауыр зардап келтіруге қатысты қылмыс түрлерінің де едәуір азайып отырғаны байқалады.

Айта кетейік, 2022 жылы 4 ақпанда Қайрат Дәлбеков Шымкент Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған болатын.
“ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Ал қазіргі таңда, Қайрат Сұлтанбайұлы ІІМ Марат Ахметжановтың бұйрығына сәйкес Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарына қарасты Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Сондай-ақ, Қайрат Сұлтанбайұлы өз жеке парақшасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Думан Таев келгенін де жазып, әріптесіне жаңа қызметте толағай табыстар мен биік жетістіктер тілейтінін жеткізді.

«Ол – Ішкі істер органдарында көп жылдық тәжірибесі бар, таптырмайтын кәсіби маман. Думан Әшкенұлы, алдағы уақытта сіздердің үміттеріңізді ақтап, мегаполис жұртшылығының қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет ететініне сенімім мол», ¬- деп жазба қалдырған.

Алдыңғы пост
Шымкентте прокуратура ғимаратында ер адам үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды
Келесі пост
Шымкентте көшенің қақ ортасында жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu