Бурабайдағы халықаралық Aqbura Bay Trail жүгіруіне әлемнің түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам қатысты

17

Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай курортты өңірінде Aqbura Bay Trail халықаралық трейл-жүгіруінің бесінші кезеңі өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Испания, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Беларусь, Италия және өзге де елдерден келген 1500-ден астам қатысты деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Спорттық және оқиғалы туризмді дамыту – 2029 жылға дейінгі туризм мен меймандостық индустриясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі басымдықтарының бірі. King & Queen of the North санатына енетін жарыстар ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда. Қатысушылар Бурабайдың көркем табиғи ландшафты арқылы өтетін түрлі қашықтықтарды бағындырды. Бағдарлама бойынша 500 метр мен 1 шақырымға арналған балалар мен ересектерге арналған жүгіру, 11 шақырымдық скандинавиялық жүріс, сондай-ақ 11, 23 және 53 шақырымдық трейл мен 51 шақырымдық Aqbura Bike веложарысы өтті»,- деп жазылған мәлімдемеде.

Aqbura Bay Trail V – King & Queen of the North экстремалды трейл-жүгірулер сериясының екінші кезеңі саналады. Бұған дейінгі бірінші кезең биыл ақпан айында Burabay Ice атауымен Бурабай көлінің мұз үстінде өткен болатын. Соңғы әрі үшінші кезеңге жоспарланған күзгі жартылай марафон қазан айында Зерендіде өтеді деп күтілуде.

Осындай ауқымды жарыстар саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамытуға, сондай-ақ еліміздің табиғи және мәдени әлеуетіне жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Aqbura Bay Trail – халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін тиімді алаң. Бұл іс-шара Қазақстанның ашық аспан астында спортпен айналысуға және экотуризмді дамытуға қолайлы ел ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға да өз үлесін қосады.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында қуаты 1 мың мегаваттық электр станциясы салынуда
Келесі пост
Қытайда дауыл салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu