Елімізде шамамен 3000 гектарды алатын өрт оқиғасы тіркелді: Үш адам зардап шекті

77

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің жануы орын алды. Тез арада оқиға орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құрылымдары жіберілді. Қызыл жалын, шамамен 40 гектарды шарпыған.

Өртті сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған.

Күндіз дала өрті Павлодар облысының шекарасынан “Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” ормансыз аумағына көшті. Өрт ошақтарына 6 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ аэровизуалды барлау барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның 8 бала эвакуацияланды.

Өрт орнында Қарағанды және Павлодар облыстарынан ТЖД, ЖАО, ЭТРМ күштері жұмылдырылды: жеке құрамнан 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ.

Алдыңғы пост
16 жастағы азамат, кісі қолынан қаза тапты
Келесі пост
АЭС бойынша референдум: Exit poll нәтижелері жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu