2025 жылдың алғашқы жартысында жол апаттары 54%-ға артты — 955 адам қаза тапты.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті таратқан мәліметке сәйкес, 2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға көп.
Жол апаттарынан барлығы 22 346 адам зардап шеккен, олардың 955-і көз жұмды.
Апаттардың басым бөлігі республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған – 1 401 оқиға. Осы апаттар салдарынан 3 146 адам жарақат алып, 2 791 адам түрлі деңгейде жараланды, ал 355 адам қайтыс болған.
ЖКО ең жиі тіркелген өңірлер қатарында:
Алматы облысы – 404 оқиға
Ақмола облысы – 126 оқиға
Жамбыл облысы – 121 оқиға
Жол апатына кінәлілердің арасында:
Жеңіл көлік жүргізушілері – 12 046
Автобус жүргізушілері – 520
Мопед жүргізушілері – 438
Жүк көлігі жүргізушілері – 390
Жаяу жүргіншілер – 428
Велосипедшілер – 114
Электр самокат жүргізушілері – 48
Шағын электр көлігі жүргізушілері – 58
Балалар арасындағы жарақат алу деректері де күрт өскен: былтырғы 3185 жағдаймен салыстырғанда, биыл 5552 бала жарақат алған (өсім – 74,3%). Сонымен қатар, қайтыс болған балалардың саны да артқан — 126-дан 135-ке дейін (7,1% өсім).
Қайтыс болғандардың ең көбі:
Түркістан облысында – 27 адам
Алматы облысында – 17 адам
Жамбыл және Жетісу облыстарында – 9 адамнан
Бас прокуратура жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, өйткені ережесіздік — адам өміріне тікелей қауіп төндіретін басты факторлардың бірі.