Еліміздің спортшылары Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады.

314

Жалғыз “алтынды” дзюдошы Елдос Сметов алды.

Үш күмісті: гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев және боксшы Нұрбек Оралбай алды.

Назым Қызайбай, атқыштар Александра Ле мен Ислам Сәтбаева және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иеленді.

Қазіргі таңда, спортшылардың басым бөлігі елге оралған. Барлығына жоғары деңгейде құрмет көрсетілді.

Ал, Астана уақыты бойынша 00:00-де Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті.

Айта кетейік, 80 мың көрерменді “Стад де Франс” стадионы қабылдады. Ал, біздің туды Елжана Таниева мен Әлішер Ерғали алып шықты.

Париж Олимпиадасына керемет көрініс беру үшін әлемдік шоу-бизнес өкілдері шақырылған. Мәселен, Билли Айлиш, Снуп Догг және Red Hot Chill Peppers рок тобы.

Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтіп, 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Алдыңғы пост
Әбиба Әбужақыноваға Kia автокөлігі сыйға берілді
Келесі пост
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu