311
7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Есірткіге байланысты қылмыс жасаған күдіктіні түркістандық полицейлер Шымкент қаласынан ұстады.
Шетелдік азаматты Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында құрықтаған.
Полиция мәліметінше, күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамды экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.