А-2 айналма жолы 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталды

433

Шымкент қаласында биыл 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл басында  хабарлаған болатын.

«Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары бар. Мұнан бөлек биыл Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар шығыс айналма жолының бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, Темірлан тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынады»,-деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Ташкент – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 31 шақырым жолды жаңарту жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылады.

Күні кеше  Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысына ашылды.

Құрылыс нысанының жобасына сәйкес, ені 30 метр, 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату қарастырылған.

Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын тексерді. Жер асты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды. Айта кету керек, бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына жағдай жасау мақсатында салынып жатыр.

Айта кету керек, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша, өткен 2022 жылы Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67.4 пайыз болған. Жоғарыда аталған ауқымды жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңында бұл көрсеткіш 71.2 пайызға дейін жақсарады деп жоспарланған.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесі іске қосылды
Келесі пост
Шымкентте ірі сауда дүкені мен қоймадағы өрт сөндірілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu