Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов, Қайрат Сатыбалдыға салықтан жалтарды деген айып тағылып, тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Қазір Қайрат Сатыбалдыға қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалды түрлі мүлік, оның ішінде шетелден де мүлік сатып алған. Ол Қазақстандағы және шетелдегі банктерден ақша алған. Бүгінде бұл іс сотта. Сондай-ақ тағы бір салықтан жалтару әрекеті бойынша тергеу жалғасып жатыр, – деді Арман Тілеукенов.
Қазіргі таңда, Сатыбалдыға қатысты, активтің бәрі бұғатталды. Олар мемлекет пайдасына қайтарылып жатыр. Қазір мемлекетке 850 млрд теңгеден аса қаражатқа дейін қайтарылған.
Сонымен қатар, 2022 жылдан бері қылмыстық істер аясында мемлекетке 912 млрд теңгенің активі қайтарылған.