Алғашқы көмек үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

144

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып,  медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.

Ведомство хабарлауынша, Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдау ескерілген. Нәтижесінде  дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы, таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам,  дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға  медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

“Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек  қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады” делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

Алдыңғы пост
Шымкенттен Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлер жіберілді
Келесі пост
Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз құбырлары жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu