Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз құбырлары жүргізілуде

174

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты аясында алдағы 2029 жылға дейін инфрақұрылым желілерінің тозуын 15 пайызға төмендету қажет. Сондықтан, үшінші мегаполистегі бірнеше елді мекендерде кәріз құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған елді мекен тұрғындарын биыл әсіресе кәріз жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ бұл жұмыстардың сапалы және уақытында орындалуы қала әкімдігінің жіті назарына алынған.

Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде.

Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65  % -ға артады.

Бұдан бөлек, қалада ирригациялық жүйелер орнатылуда. Мәселен, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды.

Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде.

Айта кету керек, 2023 жылға 13 көшеге 6,3 шақырым ирригациялық арықтар салуға 232,1 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Қазіргіі таңда, осы бойынша су жиналатын орындар бақылауға алынған. Сондай-ақ,жауын-шашын кезінде мобильді топтар жұмылдырылып, арнайы техникалармен су тартылып отырады. Жалпы Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп тұрады.

Алдыңғы пост
Алғашқы көмек үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды
Келесі пост
Түркістан облысында 9 адам жол апатынан мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu