387
«Қазгидромет» РМК 24-26 қазанға ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.
«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6 +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.