345
Маңғыстауда алимент төлеуден жалтарып жүрген әке 7 айға қамауға алынды. Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, биыл жыл басынан бері 114 баланың құқығы қорғалып, 10 миллион теңге көлемінде алимент өндірілген. Бұдан өзге 11 борышкер әке жұмысқа орналастырылған. Ал 16 әкенің үстінен іс қозғалып, қылмыстық жаза қолданылыпты. Соның бірі 7 айға бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда тағы 12 тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ведомстводағылар алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлермен жұмысты жалғастыратынын, ол үшін тиісті рейд өткізіліп тұратынын алға тартты. Сонымен қатар балаларына қарызы бар әкелерге шетелге шығуға, лицензия алуға, көлік құралдарын жүргізуге уақытша тыйым салынады.