Ол, аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Ал, Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, адвокат Төлеев аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жыл 8 айға сотты болды.
Сот мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсанында тергеу изоляторында жатқан Мұхамедиұлы қамаудан босап, “Дипломат” қонақ үйін меншігінде қалдырғысы келген. Осы мәселе оң шешілуі үшін әйелі Төлеевке 140 мың доллар берген. Сосын бас шарасын бұлтартпау шарасына ауыстыру үшін 120 мың доллар аударған. Мұнан соң, жұбайының жазасын жеңілдеткені үшін 100 мың доллар аударған. Ол аз болса керек, ұлы арқылы 27 млн теңге және 40 мың доллар жіберген.