Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын халық саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның 70,6%–ы қазақтар. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Статистикалық дерекке сүйенсек, ел аумағында өмір сүріп жатқан орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн тұрады. Ал орыс ұлты өкілдерінің жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі – Алматы облысында (120 мың адам).
Елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар. Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлттың өкілдері тұрып жатыр.