29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон жотасы әлі де әсер етеді, сондықтан аяз сақталады.
Қазақстанның қалған аумағында аяздың бәсеңдеуі күтілуде. 30 қараша – 01 желтоқсанда еліміздің көп бөлігінде жауын- Оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады және ауа температурасы жоғарылайды. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 аяз, солтүстік-батыста 10-28 аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 аяз, елдің орталығында 5-20 аяз, республиканың шығысында 33-43 аяз, кезеңнің соңында 20-30 аязға дейін жоғарылайды, оңтүстікте 7 аяз-3 жылы, оңтүстік-шығыста 5-15-тен 0-8 аязға дейін жоғарылайды.