Қазақстанда ішкі туристер саны 8,6 млн-ға жетіп, рекорд жаңарды

278

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңартылды. Өткен жылдың қорытындысына сай ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп. Мұндай мәліметті еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіндегілер ұсынды.

Сонымен қатар елімізде демалыс орындарының саны бірнеше жүзге артқан. Мәселен, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген, еліміз бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Ал бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мыңға артып, 203 мыңнан астам төсек-орынды құрады.

«Бізге шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды. Мысалы, елімізде бір жылдан астам уақыт бойы Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшақ билеттері ұсынылады. Сондай-ақ ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Біз қазірдің өзінде бар дестинациялар мен ішкі туризмге деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз», — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірнеше құралы іске қосылған болатын.

Олардың ішінде туристік нысандарды салуға және қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалған бизнестің шығындарын ішінара өтеу бар. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан 7 заңнамалық норманың арқасында мүмкін болып отыр.

Алдыңғы пост
Әлеуметтік желіде ер адамдармен қыз боп танысқан жас жігіт 3 млн теңгені қалтасына басқан
Келесі пост
Шымкентте өткен мәслихаттың екінші сессиясында не туралы айтылды?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu